16 қаңтарда Ақтөбе қаласынан екі күн бұрын Атырау қаласында шетелдікті тонаған қылмыскер ұсталды.
33 жастағы Германия азаматы Атырауға Волгоградтан 14 қаңтар күні таңертең түсіп, кешке Алматыға дейін пойызға отыруға тиіс болған. Вокзалда ол Ақмола облысының Атбасар қаласының 39 жастағы тұрғынымен танысып, жақын маңдағы кафеге барып отырады. Кафеден шыққан кезде ақмолалық тұрғын шетелдік азаматтың бетінен ұрып жіберіп, 240 еуросын, 4 мың ресей рублі мен ұялы телефонын тартып алған.
ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА хабарлағандай, күдіктіні Ақтөбеден Атырау қалалық №2 полиция бөлімшесінің және жергілікті полиция қызметкерлері бірлесе отырып ұстаған. Ол Атырауға жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 178-бабы («Тонау») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ