19 қаңтарда Атырау мұнай және газ институты мен «Болашақ» стипендиясы түлектерінің облыстық ассоциациясының корпоративтік қоры арасындағы серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.
Бүгінде Атырау облысында «Болашақтың» 110 түлегі жұмыс жасайды. Олардың көпшілігі бұл жерде еріктілер қозғалысын дамытуды қолға алған. Өткен жылдың күзінен бастап «Болашақ» түлектері шетелдік және жергілікті еріктілермен ағылшын тілін тереңдетіп тегін үйретуді қарастыратын «Кемел Атырау» пилотты жобасын жүзеге асыруда. Енді АтМГИ студенттері үшін дәріс оқуға кіріспек. Олар бұрын да осы жоғары оқу орнында сабақтар өткізіп тұратын еді, ал қол қойылған меморандум бұл жұмысты жүйелі етуі тиіс.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА