Атырау, 11 қазан 16:46
 ашықВ Атырау +12
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Ережелер барлығына ортақ

3 178 просмотра

Жұмыс күндері Ә. Молдағұлова көшесіндегі облыстық прокуратура мен Атырау қалалық ІІБ ғимараттары алдындағы көлік жолы бойында тіркесе қойылған автокөліктерді көруге болады. Алайда бұл жерге көлік қоюға осы екі ғимарат алдына қондырылған жол белгілері тыйым салады.

Молдағұлова көшесімен жүретін жүргізушілер осы аумақта үнемі қиыншылықтарға тап болады. Көлік қоюға тыйым салатын белгі астындағы автомашиналар жоғарыда аталған ведомстволар қызметкерлеріне тиесілі деп айтудан аулақпыз. Алайда бұл жерде қарапайым адамдар ашықтан ашық ереже бұза алады деп тұжырымдау да қиын.

ІІД ЖПБ бастығының орынбасары Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВ біздің осы жағдайды түсіндіру жөніндегі өтінішімізге келесідей жауап берді:

- Жол қозғалысы ережелері барлығына бірдей, соның ішінде құқық қорғау қызметкерлеріне де қатысты. Жолдың осы учаскесінде шынымен де бұзушылықтар орын алады. Алайда қадағалау бейнекамералары, сондай-ақ, біздің қызметкерлеріміз бұзушылықтарды анықтап, солар бойынша хаттама толтырылып, сәйкесінше айыппұлдар жазылады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор 

24 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.