Атырау, 25 қараша 07:11
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Өте дұрыс кеңес

1 667 просмотра

Орта Азия Еуразиялық Қорының (ОАЕҚ) «Заң алдындағы теңдік: Орталық Азиядағы сот әділдігіне қол жеткізу» бағдарламасы шеңберінде «Мүгедек әлемі» ҮЕҰ жүзеге асырған «Оңалту + құқық» жылдық жобасы аяқталуда.

Жобаның мазмұны – мүгедектер мен олардың туыстарына заңдық-кеңестік көмек көрсету. Клиенттерге ыңғайлы болу үшін заңгерлер оларды емдеу жүргізіліп жатқан оңалту орталықтарында қабылдады.

- Негізінен адамдарды зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау сияқты әлеуметтік блоктағы сұрақтар мазалайды. Көпшілігі, мысалға, өздеріне мүгедектіктің «жеңіл» тобын бергеніне сенімді. Сондай-ақ, білім алу, жұмысқа кіру, емделуге квота ресімдеу сияқты тақырыптар да маңызды, - дейді «Мүгедек әлемі» ҮЕҰ-ның жетекшісі Күлбаршын НҰРЖІГІТОВА.

Өкінішке орай, ақылы білім беру жүйесінде мүгедектерге жеңілдіктер қаралмаған және белгілі бір жеңілдіктерді ұсыну, негізінен, жоғары оқу орындары мен колледж басшыларының жеке қалаулары бойынша шешіледі. Мектеп жасындағы балалардың ата-аналары біздің мектептерімізде инклюзивті білім берудің жоқтығына қатты қынжылады. Сәйкесінше заңға қол қойылған, алайда бұл тәжірибеде қолданыс табар емес. Ал балалардың үйде емес, қарапайым мектепте оқығылары келетіні сөзсіз.

Сонымен қатар, мүгедектердің өз құқықтары жөнінде аз білетіндері де анықталды. Мәселен, ІІ топтың мүгедегі кеңес алуға келген. Оны қала кәсіпорындарының бірі жұмыстан шығарып жіберген екен. Заңгерлер оның өз құқығын қорғау үшін сотқа жүгінуге толық құқығы, тіпті, істі жеңуге жақсы мүмкіндіктері бар екенін түсіндірді. Ал «Мүгедек әлемі» ҮЕҰ оған инватакси жүргізуші жұмысын ұсынды. Осылайша Руслан ИГАЛОВ тек кеңес қана емес, жұмыс та тапты.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

24 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.