Атырау, 10 желтоқсан 17:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Иесіз жатқан орынжай

2 376 просмотра

Алмагүл-2 ықшам-ауданындағы екі жыл бұрын пайдалануға берілген №28, №29, №30, №31, №32 үйлердің цоколды қабаттары әлі күнге қаңырап бос тұр. Тұрғындар бұл қабаттардың алғашында шағын орталықтар есебінде берілгенін айтады.

Қазір 72 пәтерлік № 28 үйдің артқы цоколды қабатының есік-терезесі жоқ. Кең қабат іші түгелімен қоқыс орындарына айналған. Қоқысты жоғарғы қабат тұрғындарының өздері тастап жатқан көрінеді.

Үйдің тұрғыны Раушан ДОСҚАЛИЕВТІҢ айтуынша, осы жерде ішімдікке салынғандар жиналып, қаңғыбастар түнейді.

ПИК қызметкерлері болса, цоколды қабаттар үшін жауап бермейміз дейді.

Қалалық құрылыс бөлімінің бастығы Серік ЖҰМАШБАЕВТЫҢайтуынша, онда «СнабОйлСтрой» ЖШС құрылыс жұмыстарын жүргізген. Жұмыс сол күйінде аяқсыз қалған.

Естеріңізге сала кетейік, бұл ЖШС басшысының үстінен  бюджет қаржысын жымқыруына байланысты қылмыстық іс қозғалған болатын.   

Айтолқын ҚҰЛШАРОВА

Суретті түсірген автор

24 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.