Атырау, 12 қазан 05:17
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

"ҚазАвтоЖол" басшысы Тоқаевтың сынынан кейін қызметінен босатылды

2 910 просмотра

Ұлан Әліпов "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының басшысы қызметінен босатылды. Бұл туралы Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Жұмысын дұрыс атқармағаны үшін "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Ұ.Әліпов қызметінен босатылды. Барлық өңірде бюджет қаржысының жұмсалуына, көлік магистральдарының салынуына және жөнделуіне бақылау күшейтіледі. Президент алдағы уақытта аталған мәселені өзінің жеке бақылауында ұстайды", - деп жазды баспасөз хатшы Facebook-те.

Ұлан Әліпов "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясын 2019 жылдың ақпанынан бастап алдымен компания басшысының міндетін атқарушы, содан кейін басқарма төрағасы ретінде басқарды.

16 сәуір 2021, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.