Атырау, 12 қазан 05:21
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

БҚО тұрғыны үш жыл бойы өгей қызын зорлаған: мектеп директоры сот алдына келді

3 131 просмотра

БҚО-да Жанғалы мектеп-гимназиясының директоры мектеп оқушысына өгей әкесі жыныстық сипаттағы әрекет жасағанын біле тұра жасырды деген күдікке ілініп, сот алдына келді, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Лариса Қожахметоваға қатысты іс Жаңғалы аудандық сотында қаралады.

Қылмыстық іс биыл 7 сәуірде сотқа жіберілген. Мектеп-гимназия директоры Лариса Қожахметоваға ҚР ҚК-нің 434-бабы ("Қылмыс туралы хабарламау") бойынша айып тағылды. Істі судья Ілияс Іргебаев қарайды.

Өгей қызына жыныстық сипаттағы әрекет жасаған тұрғын Жақсыбай Сұлтанов 2020 жылы сотталып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тергеу қызметіндегілер жасөспірімнің мұғалімдері бұл оқиғаны біле тұра құқық қорғау органдарына әдейі хабарламады деп мәлімдеген. Нәтижесінде мектеп-гимназия директоры Лариса Қожахметоваға қатысты қылмыстық іс қозғалды, ал қалғандары аудандық білім бөлімі тарапынан қатаң сөгіс алды.

Басты сот талқылауы 16 сәуірге белгіленген.


16 сәуір 2021, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.