Атырау, 12 қазан 05:25
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қостанай облысында тасжолды су басып, үш тракторшы қаза тапты

2 999 просмотра

Қостанай облысында сел жүріп, үш тракторшы қаза тапты. Су басқан аймақтан өтпек болған кезде олардың тракторы аударылып кеткен, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында селге байланысты жағдай қиын. Бұл аймақта ондаған үй су астында қалған. Адамдар әлеуметтік желіде жантүршігерлік видеолар тарата бастаған. 

Мысалы Солтүстік Қазақстандағы Имантау қаласында үлкен су ағыны адамдардың жолын жауып тастаған. Еріген су бірнеше минут ішінде бүкіл ауылды басып қалған. 

"Тұрғындар үй жануарларын сыртқа шығарып жіберуіне тура келді. Көшеттер мен егінге қауіп төніп тұр", - дейді журналистер. 

Ал Қостанай облысы Урицкий ауданында су тасжолға шығып кеткен. Салдарынан көлік қозғалысы тоқтаған. Таяуда Қарамырза ауылындағы ондаған үйді су басқан. Қаза тапқандар да бар. 


16 сәуір 2021, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.