Атырау, 25 қараша 09:40
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Аудан жаңалықтары

2 281 просмотра

«Маржан қызға» пәтер берілді

Композитор Әбілахат ЕСПАЕВТЫҢ сол бір «Маржан қыз» әніне арқау болған кейіпкер - Социалистік Еңбек Ері, Индер ауданының Құрметті азаматы Маржан ЕНБАЕВАҒА «Нұрсая» ықшам ауданынан үш бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді. 

- Пәтер кілтін қолыма бергенде көз жасымды ұстай алмадым, - дейді 89 жастағы әжей.

Ол бұған дейін Индер ауданы Елтай ауылындағы ескі үйде балаларымен бірге тұрып келген болатын.

***

Қасқырларға қарсы шабуыл

Қызылқоға  аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі мамандарының ақпаратына сәйкес, қар түскелі аудан аңшылары 41 қасқырдың көзін жойған. 

Түз тағысын аулауда Мұқыр және Сағыз ауылдарының әуесқой аңшылары алда келеді екен. Ал таяуда аңшылар Тайсойған құмында бірден бес қасқырды атып өлтірген. 

- Әуелі біз арлан қасқырды сұлатып салдық. Қалған үшеуіде көп ұзамай жер жастанды. Ал бесіншісі қулығын асырмақ болып, бір уақытта жердің астына түсіп кеткендей жоқ болып кетті. Бірақ Салауат БАЗАРҒАЛИЕВТЫҢ нысанасынан бұлқасқыр қашып кете алмады, - дейді Көздіғара округінің тұрғыны Серікбай РАХМЕТОВ.

***

Қамыс плитасына сұраныс көп

Баспана құрылысына қамыс плитасын пайдаланушылар басым. Олардың сақталу ұзақтығы жайлы пікір де әр түрлі. Қалай болғанда да олар пеноплас-тан гөрі экологиялық таза, әрі бірнеше есе арзандау.

Құрманғазы ауданы Нұржау ауылының тұрғындары қамыс плитасын дайындап сатудан көп болмаса да, тұрақты табыс тауып келеді.

- Қамыс плитасына сұраныс жақсы. Сол себепті де оны дайындаумен айналысушылар күннен-күнге көбейіп келеді,- дейді Нұржау ауылының әкімі Жұматай ҒҰМАРОВ. – Қамыс «Морской» және «Терешкин» учаскелерінде шабылады.

Қамыс плитасын сатып алушылар да жетерлік. Нұржау ауылына олар көршілес ауылдардан және Ақтау қаласынан да келіп жатады.

***

Жылқының соңына түскендер

Құрманғазы ауданы Орлы ауылындағы «Мальцев» учаскесінде үш жігіт аңшылық құрып, жылқыларға қарсы оқ атқан.

Полиция инспекторының көмекшісі Талғат ИСАЕВ пен старшина Ерлан ЖҰМАБЕКОВ оқиға болған жерде болып, мылтықтың дауысын естіген. Қаскөйлер қамыс арасында жасырынып, жылқыны жарадар етіп үлгерген. 

Атқыштардың біреуі бой тасалап кетсе, ұсталған екеуі 1958 ж.т. және 1965 ж.т. Ақкөл ауылының тұрғындары болып шықты. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.