Атырау, 19 сәуір 18:12
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Ақмола облысында куәгерлер "жедел жәрдем" көлігіне оқ атылғанын хабарлады

2 183 просмотра

Куәгерлер Щучинск қаласында жедел медициналық көмек машинасына оқ атылғанын хабарлады.

"Жедел жәрдем" көлігінде түсірілген видео Instagram желісінде пайда болды.

"Шоссейная көшесімен жүріп келе жатқанбыз. Оқ атылды. Көлік ешқайда барып соқтығысқан жоқ. Машинаның ішінде науқас болды. Оны "Авиценна-Бурабайға" (медицина орталығы) апара жатқанбыз", - дейді кадр сыртындағы дауыс.

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы Sputnik Қазақстан агенттігіне оқ атылғанын жоққа шығармайтындарын мәлімдеді.

"Бурабай ауданында 11 сәуірде сағат 22.10 шамасында жедел жәрдем көлігінің терезесі сынды. Көлікке оқ атылғанын жоққа шығармаймыз. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.

14 сәуір 2021, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.