Атырау, 28 наурыз 20:23
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Алматыда прокуратура жедел жәрдем қызметін тексеріп жатыр

2 241 просмотра

Алматының жедел жәрдем қызметін прокуратура тексеріп жатыр. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі Светлана Сұлтанғазиева брифинг кезінде мәлімдеді деп хабарлайды sputnik.kz.

"Осыдан біраз уақыт бұрын Жедел жәрдем қызметінде комиссиялық тексеру жүргізілді. Әрі қарай тергеу жүргізу үшін іс прокуратураға жіберілді. Жедел жәрдем қызметкерлері шағым айтты, мұнымен құқық қорғау органдары айналысады", - деп жауап берді Сұлтанғазиева.

Алайда басқарма өкілі тергеудің қандай бағыт бойынша жүргізіліп жатқанын нақтыламады.

"Қоғамдық денсаулық басқармасы комиссиялық тексеру жүргізді. Тексеру кезінде басқарма Жедел жәрдем қызметіндегі кей қызметкердің бірқатар заң бұзушылық жасағанын анықтады. Материал құқық қорғау органдарына берілді", - деді басқарма өкілі.


12 сәуір 2021, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.