Атырау, 15 мамыр 12:36
 ашықВ Атырау +32
$ 428.71
€ 519.12
₽ 5.79

Рамазан айында вакцина салдырып, ПТР-тест тапсырғандардың оразасы бұзыла ма?

1 749 просмотра

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас имамы мен ғалымдар кеңесінің мүшесі онлайн-брифингте Рамазан айында вакцина салдыру мен ПТР-тест тапсыруға қатысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баспасөз мәслихатында журналистер діни ведомство өкілдерінен Рамазан айында ораза кезінде вакцинация ағзаға қалай әсер ететінін сұрады. Мамандар ораза ұстаған мұсылмандарға коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға рұқсат етілгенін айтты. Олардың сөзінше, бұл қасиетті айда қойылатын талаптарды бұзбайды.

"Шариғат бойынша кез келген нәрсе табиғи жолдар (ауыз, мұрын, тік ішек) арқылы ішке кірсе, оразаны бұзады. Ал дене арқылы кірсе, оразаны бұзбайды. Демек, тері астына және бұлшық етке емделу үшін ине салса, ораза бұзылмайды.
Екпе (вакцина) - бактерия, вирус секілді микроорганизмдерден алынып, адам организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препарат. Ол қажетті азық немесе организмге қуат беретін дәрумен емес. Сондықтан адам денесіне (тері астына, бұлшық етке, жамбасқа, көк тамырға) инемен екпе егу оразаны бұзбайды", - деп жауап берді ҚМДБ ғалымдар кеңесінің мүшесі Бауыржан Әлиұлы.

Сондай-ақ, Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай вакцинация туралы пікірін білдірді.

"Бұл вирус біздің елімізге ғана емес, бүкіл әлемге қауіп төндіреді. Ғалымдар мен дәрігерлер вакцинация бізді коронавирустан құтқаратын жалғыз жол дейді. Сондықтан біз ұжымдық иммунитетке қол жеткізуіміз керек. Сондықтан мен дәрігерлерге сүйенемін. Вакцина шариғатқа қайшы келмейді. Тіпті ел Президенті вакцина салдырды, сондықтан біз екпе жасауды ұсынамыз", - деді ол.

Имамның айтуынша, ПТР-тест тапсыру барысында адамның ішіне ешнәрсе кірмейді, сондықтан ораза бұзылмайды.

Мұсылмандар діни басқармасының өкіліне "Былтыр коронавирус жұқтырып, сауығып шыққандар ораза ұстаса әлсіреп қалмай ма?" деген де сұрақ қойылды. 

"Ауырып, ораза ұстауға шамасы жетпей жүрген адамдар ораза ұстауға міндетті емес. Бұрын ауырып, кейін түзелген және ораза ұстауға шамасы келетін мұсылмандар ораза ұстай береді, - деді Бауыржан Әлиұлы.
12 сәуір, 16:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.