Атырау, 15 қаңтар 03:36
 қар жаууы ықтималВ Атырау -6
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

​«Ақ Жайық» резерватында қайтадан қамыс өртеніп жатыр

Сурет Бейнежазба
3 724 рет қаралды

9 сәуірде теңіз жағалауындағы «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында жылдағыдай қайтадан қамыс өртене бастады. Қазіргі кезде тұрғындар әлеуметтік желіде түтін иісі қалаға кіріп жатқанын жазуда.

 Атырау облыстық ТЖД мәліметіне сүйенсек, резерваттағы қамыс өрті туралы кезекші бөлімге күндізгі сағат 11:17 де хабар түскен.

 «Қамыс өртіне «АқЖайық» мемлекеттік табиғи резерватының 20 қызметкері мен 7 жүзу құралы 4 мотопомпа жұмылдырылды. Қазір жану алаңы анықталуда. Өрттің басқа учаскелер мен елді мекендерге таралу қаупі жоқ», - делінген хабарламада.


Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Сурет пен бейнежазбаны «АЖ» оқырмандары жолдады

10 сәуір 2021, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.