Атырау, 24 сәуір 02:08
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Маңғыстауда әскери ұшақ тасжолға қонды

Бейнежазба
3 143 просмотра

Маңғыстау облысында Ақтау-Жаңаөзен тасжолына әскери ұшақ қонды. Куәгерлер ұшақтың қонған сәтін видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

"Көшелерді жауып тастады. Бізді айналма жолға жіберді. Жаңаөзен-Ақтау тасжолына ұшақ қонды. Кәдімгі жолаушылар ұшағы! Немесе әскери? Иә, әскери ұшақ сияқты", - дейді куәгер.

Tengrinews.kz редакциясы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіннен ұшақтың "Алтын жебе" арнайы операция компоненттерін кешенді тексеру аясында тасжолға қонғанын анықтады.

Бұған дейін Boeing 737 ұшағының құрылысы аяқталмаған әуежайға қонғаны хабарланған еді. Ұшқыштар ол жерге қателесіп қонған.


9 сәуір 2021, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.