Атырау, 26 желтоқсан 20:19
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Полиция ұсынады

1 757 просмотра

Осыдан бір жыл бұрын Атырау қалалық ІІБ криминалдық бөлімі тасымалдаушы компаниялардың басшыларымен болған кездесуде автобустарға салонға кірушілердің барлығын тіркеп отыратын бейнетіркеу құрылғысын орнатуды ұсынған еді.  Бұл - қалта ұрыларын табуға көмектесетін және қылмыстың алдын алу үшін жақсы құрал.

- Әлі күнге дейін бірде бір автобус мұндай бейнетіркеу құралымен жарақталмаған, - дейді Атырау ҚІІБ криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары Марат ТАҒАНИЯЗОВ. –  Оның үстіне, тасымалдаушылар жолаушылар маршруттарында тікелей жұмыс жасайтын біздің жедел топ қызметкерлерінің тегін жүруін ұйымдастырудан бас тартты.

Ал пәтер ұрлығы секілді қалта ұрлығының да саны өсіп жатыр: егер 2011 жылы тиісті шағыммен полицияға 515 адам хабарласқан болса, 2012 жылы 732 адам шағымданған. Өткен жылы жасалған 142 ұрлық әзірге ашылмаған күйі қалып отыр.

– Көбінесе мұндай ұрлықтарды жеке секторда келімсек «гастролерлер» жасайды. Коттедждердің көпшілігінде бірінші қабаттың терезелеріне тіпті тор да салынбаған. Айына 12 мың теңге төлеп, өрт-күзет сигнализациясын орнатып, өз мүлігі үшін тыныш ұйықтауға болады ғой, - дейді М. Тағаниязов. – Алаяқтық фактісі де көбейді: 2011 жылы 315 жағдай, 2012 жылы – 404 жағдай тіркелді. Өз ақшаңызды жақсы жұмысқа орналастырам деп, кезектен тыс жер учаскесін алып берем және т.б. уәде беретін шала таныс адамдарға сеніп тапсырмас бұрын дұрыстап ойлануға кеңес беремін.

Ол сондай-ақ, Атырау ҚІІБ-ның қалалық әкімдікке қылмыстың алдын алу бойынша бірқатар ұсыныстар әзірлегенін айтты. Атап айтқанда: 1. Тасымалдаушыларды барлық автобустарға бейнетіркеу құрылғыларын орнатуға міндеттеу. 2. Ең ірі сауда орталықтарының қожайындарын аумақты бейнебақылау жүйесімен жарақтауға міндеттеу (бүгінде бейнебақылау жүйесі тиісті көлемде тек «Насиха» cауда үйінде ғана бар). 3. Көп көліктер қойылған үлкен тұрғын үй массивтерінің аулаларына түнгі күзет қосындарын орнатуды қаржыландыру. 4. Түнгі уақытта дүкендерге жасалатын қарақшылық шабуылдың алдын алу үшін олардың қожайындарын сауда орынжайын бейнебақылау камераларымен жарақтауға міндеттеу.

Тамара СУХОМЛИНОВА

24 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.