Атырау, 25 сәуір 21:51
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Нұрлан Сауранбаев ҚТЖ-ға басшы болып тағайындалды

3 148 просмотра

Нұрлан Сауранбаев "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлады "Самұрық-Қазына" қорының қоғаммен байланыс және маркетингтік коммуникациялар департаменті.

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқармасының шешімімен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бүгін "ҚТЖ" АҚ-тың жаңа басшысын ұжымға "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев таныстырды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін Нұрлан Сауранбаев Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылған болатын.

Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы Жамбылда дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін 1991 жылы "экономист" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы жеке коммерциялық компанияның басшысы болып бастады, онда 1997 жылға дейін жұмыс істеді.

1997-1998 жылдары - Кәсіпкерлер конгресінің атқарушы директоры.

1998-2000 жылдары - "Қазақстан темір жолы" департаментінің директоры.

2000-2002 жылдары - "Қазақойл" ҰМК" ЖАҚ" Атырау мұнай өңдеу зауыты" ААҚ-ның бірінші вице-президенті, бас менеджері, қайта құру жобасын басқару жөніндегі топтың жетекшісі.

2002-2004 жылдары - "ҚазМұнайГаз" ҰК" ЖАҚ Инжинирингтік және сервистік жобалар департаментінің директоры.

2004-2007 жылдары - "ТеңізСервис" ЖШС бас директоры.

2007-2010 жылдары - "ҚазМұнайГаз" ҰК акционерлік қоғамының басқарушы директоры.

2010-2011 жылдары - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы орынбасарының кеңесшісі, басқарушы директоры.

2011-2014 жылдары Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі болды. Кейін Қорғаныс министрінің орынбасары қызметін атқарды.

2017 жылы EXPO-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және өткізу мәселелері жөніндегі штабтың ұйымдастыру комитетін басқарды.

2017 жылдың қарашасынан 2018 жылдың маусымына дейін Шымкент қаласының әкімі қызметін атқарды.

Нұрлан Сауранбаев Президент Әкімшілігінде 2019 жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істеді.


8 сәуір 2021, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.