Атырау, 24 сәуір 22:46
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Аймағамбетов балалар мектепке қашан оралатынын айтты

2 932 просмотра
Сурет: Tengrinews.kz

Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балалардың қашан мектепке орала алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жауабы анық: пандемия жағдайы тұрақталып, өңірлер "сары" және "жасыл" аймақта болғанда. Өңірлер "жасыл" аймақта болғанда, барлық бала мектепке барып оқуға құқылы. Бұл вакцинация науқанына, санитарлық-эпидемиология талаптары мен шектеулерін ұстануға және сақтауға байланысты", - деді министр ОКҚ-да өткен онлайн-брифингте.

Сонымен қатар, Аймағамбетов егер қазақстандықтар елдегі санитария дәрігерлері айтқан талаптар мен ұсыныстарды орындайтын болса, елде "пандемия жағдайы тұрақталып, балалар мектепке тезірек орала алатынын" айтты.

Бұған дейін Аймағамбетов қазақстандықтарды шыдамды болып, ғалымдарға қолдау көрсетуге шақырған еді. БҒМ басшысының айтуынша, вакцина - адамзат тарихындағы ең үлкен өнертабыс.


8 сәуір 2021, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.