Атырау, 27 желтоқсан 19:32
 ашықВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Сүйіндікте жел мектеп шатырын ұшырып әкетті

4 068 просмотра

Қолайсыз ауа-райы болса, Атырау облысында шатырлар «ұшады». Бұл жолы екпіндеп соққан жел Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылындағы орта мектептің 1375 шаршы метр алаңдағы шатыр бөлігін ұшырып әкетті.

Ал оның алдында 112 қызметі жел екпіні 25 м/с дейін күшейетіні туралы хабарлама таратты. Бірақ Сүйіндікте шатыр ұшқан кезде жел жылдамдығы ТЖД мәліметінше 17-18 м/с болған.

Сүйіндік ауылының әкімі Қанат ҚҰЛШАРОВ төтенше жағдайдың сағат 17.30-да болғанын айтты. Бұл уақытта ғимаратта мұғалімдер мен мектеп оқушылары болмаған. Алайда бейнежазбада шатыр бөлігін жел ұшырып, жерге түскеннен кейін бірнеше секундтан соң балалар ауладан секіріп шығады. 

Бұл мектептің 1984 жылы салынғаны белгілі, ал 2014 жылы «Бек и Ко» ЖШС оны 53,8 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өткізді. Міне, олар осылай жөндепті.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Әлеуметтік желідегі бейнежазба

7 сәуір 2021, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.