Атырау, 28 сәуір 16:51
 ашықВ Атырау +18
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Ақтауда халықаралық әуежай қоршауға алынды

Бейнежазба
2 572 просмотра
lada.kz

5 сәуірде кешке Ақтаудағы халықаралық әуежай аумағын полиция қоршауға алды. Бұл туралы куәгерлер түрлі ақпарат таратты, - деп хабарлайды tengrinews.kz "Лада" басылымына сілтеме жасап.

Әуежайға келушілер эвакуацияланды. Жағдайға қатысты түрлі нұсқа айтылды. Кейбірінің айтуынша, әуежайға күдікті зат қойылғаны туралы хабарлама түскеннен кейін аумақ қоршалған.

"Шымкенттен келген FlyArystan әуекомпаниясының ұшағында коронавирус жұқтырған адам болған. Ұшақ оқшауланған тұраққа қойылды. Бір сағат бойы жолаушыларды шығармады. Санитариялық-эпидемиологиялық және басқа қызметтердің келуін күтеді. Жолаушылар жағдайға наразылық білдірді", - деді басылымның дереккөзі.

Құзыретті қызметтер жағдайға ресми түсініктеме берген жоқ. "Лада" редакциясы мәліметіне сүйенсек, Маңғыстау облысы ПД-дан түсініктеме күтіп отыр.

6 сәуір 2021, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.