Атырау, 11 қараша 03:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Тамағы тоқ

5 888 просмотра

- Бүгінгі күні мектептерде бастауыш сыныптың барлық оқушыларына, сондай-ақ, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға күніне бір рет ыстық тағам беріледі, - деп хабарлады брифингте облыс әкімінің баспасөз хатшысы Қайрат ТАРБАЕВ.

Оның айтуынша, 2013 жылы мектептерде ыстық тағам ұйымдастыруға облыс бюджетінен 1 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Сондай-ақ, өткен жылдың аяғында 162 мектептің асханасына жабдықтар алу үшін 285 млн теңге бөлінді.  

Сол брифингте облыстық білім беру басқармасы бастығының орынбасары Зылиха ДҮЙСЕКЕНОВА хабарлағандай,облыс бойынша тегін ыстық тағаммен 37 318 бастауыш сынып оқушылары және 5146 әлеуметтік  жағдайы төмен отбасылардың мектеп жасындағы балаларықамтылған.

Облыс орталығында ыстық тағам 53 мектепте ұйымдастырылды.

- Сонымен қатар, Атырауда асханасы жоқ 13 мектеп бар. Оларда ыстық тағам тасып жеткізу арқылы ұйымдастырылады, орынжайлары дайын, - деп хабарладықалалық білім беру бөлімінің оқу жөніндегі бөлім бастығы Еркін ОРАЛБЕКОВ.

Брифингтен кейінгі баспасөз туры барысында барған №33 орта мектептің директоры Жеміс БАПАЕВАНЫҢ айтуынша, 361 бастауыш сынып оқушысына және 18 аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларғаыстық тағам берілуде. Мектеп асханасы 114 орынға есептелген. Өткен жылы мұны жабдықтау үшін 529 мың теңге ақша бөлінген.

№33 мектеп (2006 жылы салынған) Сарықамыс ықшам ауданында орналасқан. Мектептің кең ауласына кірерде орталық кіру есігінен созылған қызыл жолкілем көзге түсті. Біздің мектепке сапарымыз кезінде (журналистермен бірге облыстық және қалалық білім беру бөлімдерінің өкілдері болды) ол басқалар үшін жабық болды – орталық есікке аяңдаған бірнеше ересек адамдарға (балаларын алуға келген шығар) айналып, қосалқы есікке өтулері ұсынылды.

Кең бөлмедегі ақ дастархан жайылған үстелдерде, қызықтап қарап жүрген үлкендерге мән берместен, балалар тамақтарын ішіп отыр. Бүгін олардың ас мәзірінде котлета салынған макарон, винегрет, шие шырыны және алма қойылған екен.

Бәрі өте тәбетті көрінді. Оқушылардың көңіл-күйі де көтеріңкі. Тек, бірнеше оқушы директор ұсынысымен мұқият жаттап алған алғыстарын айтқанда, көңілге аздап қаяу түсті. Алайда, ертең балалардың еркін тамақ ішулеріне ешкім кедергі келтірмейтін болады.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

24 қаңтар 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.