Атырау, 28 сәуір 10:01
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Ержан Қазыханов арнайы өкіл лауазымына тағайындалды

2 453 просмотра

Ержан Қазыханов жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлады Ақорда сайты.

"Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі лауазымына тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылсын", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі қызметіне сыртқы істер министрінің бұрынғы орынбасары Ержан Ашықбаев тағайындалған болатын.

Бұған дейін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі туралы" Жарлыққа қол қойған болатын. 

Арнаулы өкілді Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі басшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Арнайы өкіл Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді.


5 сәуір 2021, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.