Атырау, 29 қараша 21:32
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қылмыстық хроника

3 241 просмотра

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова  хабарлағандай, 20 қаңтарда Жылыой ауданының Тұрғызба селосына жақын маңдаңы Қосшатүбек қыстағының маңында спирттік ішімдік ішу барысында 24 және 30 жастағы екі қойшының арасында ұрыс-керіс туындаған. Жасы кішісі екінші қойшыны өлімші етіп сабаған. ҚР Қылмыстық кодексінің 96-бабы («кісі өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Құлсары қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

***

6 қаңтарда Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері рейд барысында Камынино деген жерде теңіз жағасынан 300 келі сазан тиеген УАЗ көлігін тоқтатып, 7 адамды ұстады: браконьерлер бригадасы Көкарна мен Құрсай поселкелерінің тұрғындарынан құралған екен.

***

17 қаңтарға қараған түні белгісіз біреулер торды бұзып, терезе арқылы Қарымсақов көшесіндегі кеңсеге кіріп, 2 процессорды мониторымен және принтерімен бірге ұрлап кеткен. Зиян мөлшері 300 мың теңгені құрады. Тергеу жүргізілуде.

***

17 қаңтарда 17 сағат 17 минутта Авангард 3-ықшам ауданындағы №7 үйдегі пәтерлердің бірінде өрт болды. Өрт сөндірушілер келген кезде пәтер есігі айқара ашылып жатқан, ал қожайындар болмапты. Сол жерде тұратын әйелдің жеке заттары өртенген. 17 сағат 35 минутта өрт сөндірілді. Құрбан болғандар жоқ.

***

ҚІІБ-не Алмагүл ықшамауданының 71 жастағы тұрғыны хабарласты: өткен жылдың желтоқсанында ол пәтер алып беруге көмектесем деп уәде беріп, 480 мың теңгесін алдап алған 45 жастағы алаяқтың құрбаны болған. Бір қызығы, күдікті осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін қамауға алынған.

***

40 және 22 жастағы екі әйел 25 жастағы танысының Сәтпаев даңғылының бойындағы үйіне қонаққа келіп, кетер кезде өздерімен бірге оның ұялы телефоны мен 25 мың теңгесін ұрлап алып кетіпті. Ұрылар ұсталды.

***

Бутик қожайыны 18 қаңтарда екі күн бұрын құлсарылық жалдамалы сатушысының кассадан 25 мың теңге мөлшеріндегі түскен ақшаны қолды қылғанын полицияға хабарлады. Іздестірілуде.

***

Атырау қаласының 38 жастағы тұрғыны 18 қаңтарға қараған түні Ардагер ықшамауданындағы үйлердің бірінде өзін Құрманғазы ауданының Ақкөл селосының 37 жастағы тұрғыны зорлағанын  полицияға хабарлады. Тергелуде.

***

18 қаңтарға қараған түні Ақжар поселкесінде 37 жастағы ер адам өз үйінде асылып қалған.

***

18 қаңтарда күндіз теміржол вокзалының маңында «Ниссан-Максима» седанының жүксалғышына 3 қапшық сазан тиеліп жатқандығы ІІД-нің жедел басқару орталығының бақылау камерасына түсіп қалған. «Тосқауыл» кезекші экипажы машинаны ұстады, 25 жастағы жүргізуші түсінік беруде.

23 қаңтар 2013, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.