Атырау, 23 желтоқсан 13:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Тоқаев вакцинаға байланысты үкіметті сынға алды

2 378 рет қаралды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вакцина жағдайы байланысты үкіметті сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үкімет "Спутник V" және отандық вакцина өндірісі туралы келісім елдің вакцинацияға деген мұқтажын толықтай өтейді деп сендірді. Осы ақпарат негізінде мен 1 ақпаннан бастап жаппай вакцинация жарияладым. Екі айдан кейін халықтың 0,2 пайызынан азы вакцина салдырды! Енді мен басқа мемлекеттердің басшыларымен тағы қосымша вакцина жеткізу туралы келіссөз жүргізуім керек... Біз тез жеткізу үшін тиімсіз коммерциялық және қаржылық жағдайларға келісуге мәжбүрміз", - деді Тоқаев коронавирусқа қарсы іс-қимыл жөнінде кеңесте.

Шара барысында COVID-19-ға байланысты елдегі эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған шаралар кешені, сондай-ақ азаматтарды вакцинациялау мәселесі қаралып жатыр.

Бұған дейін Президент Қазақстанда коронавирус індеті қайта өршіп бара жатқанын айтқан болатын. 

1 сәуір 2021, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.