Атырау, 23 желтоқсан 13:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

ШҚО-да тыл еңбеккері аурухананы концлагермен салыстырды

2 520 рет қаралды

Шығыс Қазақстан облысында тұратын тыл еңбеккері қалалық ауруханадағы қарым-қатынасты концлагермен салыстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Желідегі жергілікті топтардың бірінде оқырман шекесінде үлкен ісігі бар зейнеткердің суретін жарияланды. Әйел Риддердегі қалалық ауруханада емделіп жатқан анасына, тыл еңбеккеріне күтім жасалмағанына, медбикелердің қарым-қатынасына шағымданды.

"Бүгін анамды ауруханадан алып шықтық, сұмдық! 22 наурызда түнде ол сүйрегішінен құлап, түні бойы суық еденде жатқан, мұны екі жұмысшы көре тұра шай ішіп отыра берген. Таңертең бір ер адам көтерген, кейін медбикелер келіп қол-аяғын қолы ауырып, аяғы тартылғанша байлаған, маңдайында үлкен ісік бар, тамақ бермеген, күтім нөл. Анам, тыл еңбеккері бұл аурухана емес, концлагерь екенін айтты, кімге шағымдануға болады?", - деп жазды әйел.
31 наурыз 2021, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.