Атырау, 26 сәуір 18:49
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Он жылдан соң

1 814 просмотра

21 қаңтарда брифингте облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс МҰҚАН журналистерге облыс әкімінің жаңа баспасөз хатшысы Қайрат ТАРБАЕВТЫ (суретте) таныстырды. Бұрын ол біздің облыстық телеарнада, кейін Астанада жұмыс істеген.

- Әкімдік атқарып отырған жұмыстардың халыққа уақытылы жеткізілуі үшін біз баспасөзбен жұмысты реттегіміз келеді, -  деді Ш.Мұқан. - Әр түрлі департаменттер, бөлімдер өкілдерінің қатысуымен болатын брифингтер әр дүйсенбі сайын өткізілетін болады.

2002 жылы облыс әкімі Аслан МУСИН болғаннан бері баспасөз хатшысы лауазымы қағаз жүзінде ғана болған, ал Бергей РЫСҚАЛИЕВ кезінде оны қысқартып та тастаған.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

22 қаңтар 2013, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.