Атырау, 12 қазан 11:22
 ашықВ Атырау +17
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

"Арселор Миттал Теміртау" шахтасында ірі көлемде өрт шықты

2 327 просмотра

Қарағанды облысындағы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-да ірі көлемде өрт шықты, деп хабарлайдыStan.kz ақпарат агенттігі. 

"28 наурызда сағат 15:36-да «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның Саран шахтасынан өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт транспорттық таспа және іші ағаш қаптамалы аумағындағы технологиялық кешеннің екі галериясынан шыққан. Салдарынан биіктігі +24 және +27 метрлік 2 галерея құлады. Өрт сағат 16:53-те ауыздықталды. Тілсіз жаудың жалпы аумағы 350 шарты метрді қамтыды", - деп хабарлайды Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Аталған департаменттің мәліметінше, адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ. 

"Өрт орнында төтенше жағдайды жою жұмысы жалғасып, оның себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада. 

28 наурыз 2021, 21:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.