Атырау, 22 қараша 18:21
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Барак Обама: "Орта топтағы халық жағдайын жақсарту қажет"

3 097 просмотра

АҚШ-та көптен күткен Президентті ұлықтау рәсімі өтті.

Биылғы өткен елдің 44-Президенті Барак Обаманы салтанатты ұлықтау рәсімнің ауқымы 2009 жылы болған шарадан анағұрлым кіші болса да, өте жоғарғы деңгейде өтті.

Вашингтонда АҚШ-тың 44-Президенті Барак Хуссейн Обаманы ұлықтау рәсімі өтті. Жергілікті билік өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, орталық алаңға 800  мыңнан астам адам жиналған. Өз сөзінде Б.Обама барлық саяси күштер мен ел азаматтарын бірлесіп жұмыс атқаруға шақырып, қарулы қақтығыстардың мәнсіз әрі тиімсіз екенін айтты. Сондай-ақ, Президент елдегі ең бай және кедей тұрғындар арасындағы алшақтықтың алдын алу, ауа райының ғаламдық өзгеру мәселесін шешу жолдарына қатысты мәселелерді көтерді. Салтанатты шара танымал әнші Бейонсенің ұлттық гимнді орындауымен аяқталды.

Барак ОБАМА, АҚШ Президенті:

- Еліміздегі орта топтағы халық жағдайы жақсармайынша, мемлекетіміз өркендемейді. Біздің жұбайларымыз, аналарымыз бен қыздарымыз өз еңбектеріне сай жалақы алуына, сондай-ақ біржыныстыларға кез келген басқа ел азаматы сияқты тең құқылы болу үшін қызмет атқарамыз.

Конституцияға сай Барак Обама лауазымына 20 қаңтарда қайта келді. Отбасы мен жақындарының арасында өткен ұлықтау рәсімі Ақ үйде өткен болатын. Бұл күн жексенбіге сай келгендіктен, Президент Конгресс қабырғасында көпшіліктің алдында қайта ант берді.

Барак ОБАМА, АҚШ Президенті:

- «Мен, Барак Хуссейн Обама, АҚШ Президентінің міндетін қолымнан келгенше адал атқарамын. Құрама штаттар конституциясын қорғап, жақтаймын» салтанатты түрде ант етемін.

Салтанатқа арналған дәстүрлі шеру Вашингтон орталығындағы Ақ үй мен Капитолийді жалғастыратын Пенсильвания авеню бойында өтті. Барак Обама салтанатты шараны жұбайы Мишель, қыздары және вице-президент Джо Байденнің жұбайымен, сондай-ақ тағы да басқа құрметті қонақтармен бірге арнайы оқ өтпейтін шыны трибунадан тамашалап, қатысушыларға сәлем берді. Дәстүрлі салтанатқа 9 мыңға жуық әскери оркестр қатысты. Гавайялықтардың көрсеткен өнері Президенттің көңілінен шықты. Бұл күні ауа райы да тамаша болды.

Дереккөз: 24.kz

22 қаңтар 2013, 14:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.