Атырау, 21 желтоқсан 22:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Өткен тәулікте Қазақстанға 12 елден 36 халықаралық әуе рейсі келді

2 214 рет қаралды

2021 жылдың 27 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Швейцария, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Украина және Қырғызстаннан 36 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

4 674 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 647 адам, анықтамасыз 27 ҚР азаматтары келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 21 рейс, 2 758 жолаушы, анықтамамен - 2 741, анықтамасыз - 17; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 368 жолаушы, анықтамамен - 358; анықтамасыз - 10; Шымкент қаласының әуежайына – 6 рейс, барлық 731 жолаушы анықтамамен келген; Ақтөбе қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 371 жолаушы анықтамамен келген; Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 298 жолаушы анықтамамен келген; Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 148 жолаушы анықтамамен келген; Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде. 2021 жылдың 26 наурызында шетелден анықтамасыз келген 26 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.

28 наурыз 2021, 12:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.