Атырау, 22 қараша 18:20
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Пәкістан абақтыға жабылған тәліптердің бәрін босататын болды

1 621 просмотра

Пәкістан қамаудағы «Тәліптер» қозғалысының барлық мүшесін түрмеден босатып, еркіне жіберетін болды. Олардың ішінде қозғалыстың бұрынғы көсемі де бар. Пәкістан Ауғанстандағы ұлттың ұйысуы үшін осындай қадамға барып отыр. Бұл жайында Рейтер агенттігі хабар таратты. 

«Қалған тұтқындар да босатылатын болады», – деді қазіргі уақытта Біріккен Араб әмірліктерінің астанасы – Әбу-Дабиде ресми іссапармен жүрген Пәкістан СІМ арнайы өкілі Жәлел Жилани.

«Тәліптер жетекшісі Молда Омардың бұрынғы орынбасары Молда Барадар да бостандыққа шыға ма?» деген сауалға СІМ өкілі: «Біздің мақсат – бірін қалдырмай босату», – деп жауап берді. Пәкістан Ауғанстанның өтінішімен қамаудағы тәліптерді өткен жылдың қараша айынан босата бастаған болатын. Себебі, ауған билігі бостандыққа шыққан тәліптер ұлтты ұйыстырып, татулыққа бастайтын бейбіт келісімге келісер деген үмітте.

Дереккөз: muslim.kz

22 қаңтар 2013, 12:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.