Атырау, 15 қаңтар 05:14
 қар жаууы ықтималВ Атырау -6
$ 510.43
€ 594.86
₽ 6.49

Мектеп түлектерінің қорытынды аттестациясы қалай өтеді?

2 631 рет қаралды

Биыл қазақстандық мектеп түлектері қорытынды аттестация тапсырады, деп хабарлайды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

9-сынып оқушылары 3 емтихан тапсыратын болады:

- оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан;
- математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;
- өзге тілдерде оқитын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан.

11-сынып оқушылары 4 емтихан тапсырады:
- оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан;
- алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;
- Қазақстан тарихынан тестілеу;
- өзге тілдерде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу.

27 наурыз 2021, 00:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.