Атырау, 29 қараша 21:34
 ашықВ Атырау -4
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қарызға батқан «Атырау»

2 584 просмотра

Кейбір деректер бойынша, бүгінгі күнгі «Атырау» футбол клубының қарызы 640 млн теңгені құрап отыр.

«Атырау» ФК президенті, облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс МҰҚАН бұл сандарды растамағанмен, «проблемалар шынымен бар екенін» айтып өтті: 

- Соңғы екі жыл ішінде салық, жалақы және т.б. бойынша бірталай мөлшерде қарыздар жиналып қалған. Кезінде қаражат бөлу мәслихат депутаттарымен келісілмеген екен. Қазір бұл проблеманы қалай шешу керек екенін ойластырудамыз.

«Атырау» ФК директоры Асылбек ЖҮНТЕРБАЕВ бұл мәселелер туралы білмейтін болып шықты:

- Мен бұл лауазымға жаңа отырдым. Иә, қарыздар бары рас, бірақ маған бұларды анықтау үшін уақыт керек. Нақты айта алатыным, өткен жылдың қараша-желтоқсан айларында Қазақстан футбол федерациясының дауларды шешу жөніндегі палатасына бірнеше легионер ойыншылардан клубтың бұларға бережақтары туралы арыздары түскен. Осыған байланысты палата клубтың ойыншылар трансфертін бөлуге тыйым салған.

Регламентке сәйкес, 9 наурызда басталатын Қазақстан чемпионатының алғашқы ойынына дейін «Атырау» ФК ойыншылар алдындағы қарыздарынан құтылуы керек, әйтпесе оны чемпионатқа қатыстырмайды.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

22 қаңтар 2013, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.