Атырау, 11 желтоқсан 20:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

«Алдандым, келісімшарт жоқ... Мүмкін емес!»

2 831 просмотра

Серб жартылай қорғаушысы Йован ГОЛИЧ 18 қаңтарда Түркияда оқу-жаттығу жиынында жүрген «Атырау» футбол командасын көруге келді.

Сондай-ақ,«Атырау» ФК директоры Асылбек ЖҮНТЕРБАЕВТЫҢ айтуынша, командамен біргеиспан шабуылшысы Густаво СОУТО және «Атырауда» 2010 жылғы маусымда ойнаған грузин легионеріГеоргий ПЕЙКРИШВИЛИ де жаттығуда.

- Бірақ Густаво командада болмайтын шығар, - дейді Жүнтербаев.

18-і күні кешке өз твит-аккаунтында испан футболшысы: «Түркияда, алдандым, ойыншылары алдында бес айлық қарызы бар «Атырау» президенті сөз берген келісімшартсыз... мүмкін емес!»,- деп хабарлама қалдырған екен.

Біз А. Жүнтербаевтан осы хабарламаға түсінік беруін сұрадық:

- Түсініңіздерші, Анталья – бұл үлкен футбол базары ғой. Агенттер командаларды аралап, ойыншыларын ұсынады, олар шеберліктерін көрсетіп, ұнамайтын болса, кетіп жатады. Густаво да тап осылай: біз оны тек байқап көрдік, бұл жерде алдау туралы әңгіменің болуы мүмкін емес. Қандай жағдай болса да, команданы жинақтауды бас бапкер шешеді,- деді ол. 

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

22 қаңтар 2013, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.