Атырау, 27 сәуір 05:12
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Кондолиза Райс жаңалықтар қызметінің қызметкері атанды

1 952 просмотра

АҚШ-тың экс-мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс (суретте) американдық CBS телекомпаниясының жаңалықтар арнасының қызметкері болды, деп хабарлады РТР-Вести.ru.

Компания президенті Дэвид Родс «оның зор саяси тәжірибесі Американың алдында тұрған шетелдердегі және елдің ішіндегі мәселелерді зерделеуде арна хабарларында пайдаланылатын болады», деп мәлімдеді.

Кондолиза Райс 2005 жылғы қаңтардан 2009 жылғы қаңтарға дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы қызметін атқарды. Ол АҚШ президентінің  ұлттық қауіпсіздік бойынша көмекшісі атанған алғашқы әйел және АҚШ мемлекеттік хатшысы болған алғашқы қара нәсілді әйел болды. Сондай-ақ ол Мадлен Олбрайттан кейін американдық әкімшілікте осындай жоғары қызметтегі екінші әйел болған.

Дереккөз:inform.kz

22 қаңтар 2013, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.