Атырау, 29 наурыз 11:55
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Алматы әуежайына «жарылғыш зат қойған» жалған лаңкестер ұсталды

2 258 просмотра

АСТАНА,  22 қаң  -Қазақстан жаңалықтары АА. Алматы әуежайына «жарылғыш зат қойған» жалған лаңкестер ұсталды, олар кінәларын мойындады, деп хабарлайды бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінен.

«Жедел әрекет ету шаралары барысында  қоңырау шалғандардың тұлғалары анықталды және ұсталды. Күдіктілер кінәларын мойындады, ұялы телефонның SIM картасы тәркіленді. Қазіргі уақытта қылмыстық істі Семей қалалық ІІБ тексеруде», -делінген хабарламада.

Ағымдағы жылғы 19 қаңтарда шамамен сағат 16:00-де Алматы қаласы әуежайының полиция желісі бөлімшесіне Алматы қаласының халықаралық әуежайына жарылғыш зат қойылғаны және оның 20 қаңтарда сағат 12:00-де іске қосылатыны жөнінде ақпарат келіп түсті.Жедел әрекет ету шаралары барысында әуежайдың қалыпты жұмысы бұзылды, соның салдарынан бортында 715 жолаушы бар 10 рейстің ұшырылуы және бортында 556 жолаушы бар 7 әуе кемесінің жерге қонуы кешіктірілді.Бірлескен шаралар өткізу барысында жарылғыш заттар табылған жоқ.Сағат 18.30-да әуежайдың қызметі қалпына келтірілді. Жедел-іздестіру шарасы барысында кінәлі адам анықталды. ҚР ҚК-нің 242 бабы бойынша (лаңкестік актісі жөнінде көрінеу жалған ақпарат тарату) қылмыстық іс қозғалды.

Дереккөз: newskaz.kz

22 қаңтар 2013, 10:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.