Атырау, 11 қараша 02:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Ауғанстан СІМ: Өз әскеріміз мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады

1 873 просмотра

Өз әскеріміз мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын жағдайға жетті. Бұл жөнінде бүгін Ауғанстанн сыртқы істер министрінің орынбасары Джавед Лудин мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Шетелдің барлық бітімгерлік күштері, оның ішінде НАТО контингенті 2014 жылдан кейін Ауғанстан аумағынан кетеді. Біз өзіміздің қауіпсіздік күштеріміз мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатындай жағдайда деп есептейміз», - деп сендірді Джавед Лудин.

Оның айтуынша, бүгінде елге қосымша бітімгерлік әскер енгізу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Өйткені, «шетел әскері мәселені шеше алмайды».

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Ауғанстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Джаведом Лудинмен кездесті. Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда және инвестициялық қарым-қатынасты дамыту мәселелері талқыланды.

Дереккөз: bnews.kz

21 қаңтар 2013, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.