Атырау, 12 қазан 15:21
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Доссорлықтар қираған үйдің астында қаламыз деп алаңдайды

Сурет Бейнежазба
3 270 просмотра

Доссор кентінде апатты үйлердің тұрғындары үйінді астында қаламыз ба деп қорқады.

Құдабаев көшесіндегі №18, 19, 21, 22 үйлерде шатырдың жартысы жоқ, еріген қар суы саулап ағып, тозығы жеткен пәтерді басты.

- Әсіресе, Құдабаев көшесіндегі №22 үйдің жайы сорақы күйде. Екі қабатты үй ортасынан қақ айрылған. Желтоқсандағы қатты желден онсыз да сөгіліп тұрған шатыр жартылай ұшып кетті. Шифер тозған, оған тіреу болар бағана ағаштар да қаусап тұр. Әкімдікке барған едік, «жекеменшік үй, өздерің жасап алыңдар» деді. Бұл баспана етуге жарамайды, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, - дейді ашынған тұрғындар.

Мұнда зейнеткерлер, көп балалы, жағдайы төмен отбасылар тұрады. Олардың басқа үй салып немесе сатып алатындай, болмаса жалдап кететіндей жағдайлары жоқ. Бірнеше айдан бері пандемияға байланысты жұмыссыз қалғандар да бар.

«АЖ» апатты үйлерде тұратын Доссор тұрғындарының проблемаларын әлденеше рет жазған еді. Облыс әкімшілігі де хабардар. «Барар жер, басар тауымыз жоқ, ақыры осы үйдің үйіндісінің астында қалатын болармыз» дейді олар шарасыздықтан.

Өткен жылы Доссордан 60 пәтерлік бір үй берілгенімен, апатты деп танылған төрт отбасыға ғана баспана бұйырған. Ал ресми кезекте апатты үйде тұратындар кентте жүздеп саналады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

17 наурыз 2021, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.