
Қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Айбек Айтбеков АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында топ жарып, алтын медаль иеленді.
Айтбеков 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік атанды. Алтын медаль үшін өткен шешуші белдесуде қазақстандық спортшы Әзербайжан өкілі, 23 жасқа дейінгі әлемнің қазіргі чемпионы Эльмир Алиевті жеңді.
Отандық балуанның финалға дейінгі жолы да сәтті болды. Айбек турнир барысында ресейлік Алибек Амировтан, жапониялық Сэйма Токухарадан және украиналық Евгений Поковбадан басым түсті.
Айта кетейік, бұл жеңіс спортшы үшін табысты маусымның жалғасы болды. Осы жылдың басында Айбек Айтбеков 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Азия чемпионатында да алтын медаль жеңіп алған еді.
В Атырау +17.3