Атырау, 22 қараша 18:43
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

АҚШ-та жасөспірім бес адамды атып тастады

2 458 просмотра

АСТАНА,  21 қаң  -Қазақстан жаңалықтары АА. АҚШ-тың Нью-Мексико штатындағы Саут-Веллей қаласында бес адамды: бір ер адам мен бір әйел адамды және екі қыз бала мен бір ұл баланы – өлтірді деген күдікпен кәмелет жасына толмаған жігіт ұсталды деп хабарлайды Associated Press жергілікті билікке сілтеме жасап.

Жергілікті билік қаза болғандардың күдіктімен туыстық байланысы бар-жоғын әзірге нақтыламай отыр. Сондай-ақ 15 жасар жеткіншектің қаза болғандарға қандай қатысы бары да белгісіз.

Бейбіт тұрғындарға қатысты қару қолдану жайының жиілеп кетуіне байланысты АҚШ президенті Барак Обама қару айналымына шектеу қою туралы тапсырма берген болатын.

Дереккөз: newskaz.kz

21 қаңтар 2013, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.