Атырау, 23 желтоқсан 08:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Құлсарыда пәтер ұрылары ұсталды

Бейнежазба
2 613 рет қаралды

12 наурыз күні Құлсарыда полиция пәтер ұрлығы қылмысына күдіктілерді ұстады. Оларды арнайы жасақтың ұстау сәті әлеуметтік желіде жарияланды. 

ПД баспасөз қызметі бөлімінің басшысы Мейірім ЕРДӘУЛЕТТІҢ ақпараты бойынша, ұсталғандар – 26 және 27 жастағы Құлсары тұрғындары. Олар 15 пәтер ұрлығын жасады деген күдікке ілінді. Олардан ұрланған алтын бұйымдар, электр-тұрмыстық техникалары, ноутбук және т.б. тәркіленді.

- Ұрлықтар тұрғын үйлердегі бейнебақылау камералары арқылы анықталды. Бұдан басқа, күдіктілер ұрланған алтын заттарды ломбардқа тапсырған кезде бейнебақылау камерасына түсіп қалған, - деді полицияның баспасөз хатшысы. 

ҚР Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-тармағы (Ірi мөлшерде бірнеше рет тұрғын үй-жайға заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.  

Айнұр САПАРОВА

Әлеуметтік желіден алынған бейнежазба

16 наурыз 2021, 23:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.