Атырау, 26 сәуір 19:00
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Атырауда түрмеде отырған қарт әйел бостандыққа шықты

3 411 просмотра

Атырауда есірткі сатқаны үшін 11 жылын әйелдер түзеу колониясында өткізген 64 жастағы әйел бостандыққа шықты. Айта кету керек, бұл әйел - елімізде сотталғандардың ішіндегі жасы ең үлкені.

Жамбыл облысының тумасы Рабиға Тараз қаласында есірткі сатқаны үшін 2010 жылы ұсталып, сот үкімімен 15 жылға сотталып, мүлкі тәркіленді. Сотталғаннан кейін Қазақстан түрмелерінде жазасын өтеп, кейін Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/11 мекемесіне жеткізілді.

64 жастағы әйелдің айтуынша, ол бірден Тараздағы үйіне барып, туыстарымен кездеспекші. Содан кейін өзі түрмеде болған кезде дүниеден өтіп кеткен туыстарының бейітіне құран бағыштамақшы.

- 11 жылда көп нәрсе өзгерді. Жасаған қылмысыма өкіндім. Қартайған кезімде немере-шөберемді ойнатудың орнына, қылмыс жасадым. Мекеме қызметкерлері мені тәрбиелеп, дұрыс жолға салды. Қалған өмірімді тыныштықта өткізгім келеді, - дейді бостандыққа шыққан Рабиға.

- ҚР ҚПК сәйкес жазасын өтеуші Б.Р. 2021 жылдың наурыз айында мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шықты. Оған қажетті құқықтық-әлеуметтік көмек көрсетіп, күтіп алуға туыстары шақырылды. Жаза өтеу барысында мекемеде тәртіпті болды, тәртіп бұзып көзге түскен жоқ. Әрі қарай ол туралы мәлімет Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД жіберілді, - дейді УГ-157/11 мекемесі бастығының орынбасары Медет АДЖИКУЛОВ.

Қазір зейнеткерлік жасқа келіп қалған әйел жұмыс істемейді, әрі қарай оған қажетті көмек көрсетіледі.

Фархат ӘБІЛОВ

16 наурыз 2021, 22:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.