Атырау, 25 қараша 06:34
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Кесте бойынша жұмысқа орналасады (толықтырылды)

3 130 просмотра

Бүгін, 21 қаңтарда, Атырау облыстық әкімдігі, «АМӨЗ» ЖШС мен «SinopeceEngineering» компаниясының қазақстандық филиалы арасында «Болашақ» зауытын салу жобасынан босатылатын қазақстандық кадрларды және жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Бұл туралы брифингте облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс МҰҚАН хабарлады. Меморандумға сәйкес, АМӨЗ бен «Sinopece Engineering» компаниясының қазақстандық филиалы жұмыс орындарын құру мен жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру арқылы өзіне Атырау облысындағы жұмыссыздық мәселелерін шешуге қатысуға міндеттеме алған. Атап айтқанда, меморандумға сәйкес, 2013 жыл бойына «АМӨЗ-ді қайта жарақтау және жаңарту» жобасына белгілі бір кесте бойынша барлығы 1040 адам қабылданатын болады.

Бұдан басқа, облыс әкімдігі мен «Іскер» компаниясы арасында қазақстандық кадрларды Батыс Ескене теміржол тармағын салуға тарту туралы, сонымен қатар «Қазақстан Петрокемикал Индастриз»компаниясымен газ-химия кешенін салуға қазақстандық кадрларды тарту туралы осындай меморандум дайындалуда. Осы екі жобада 5 мыңнан астам жұмыс орындары құрылатын болады деп күтілуде.

Аджип ККО мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың 1-тоқсанында Қашаған жобасына жұмылдырылған 5,5 мың адамды қысқарту жоспарланған.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

21 қаңтар 2013, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.