Атырау, 19 сәуір 21:28
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Геннадий Головкин WBA-ның әлем чемпионы титулын қорғап қалды

3 058 просмотра

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) нұсқасы бойынша орта салмақта әлем чемпионы титулын қорғап қалды.

Vesti.kz сайтының хабарлауынша, 30 жастағы қазақстандық боксшы Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өзінің 2013 жылғы алғашқы кездесуін 26 жастағы американдық Габриэль Росадоға қарсы өткізді. Жеңіске жетінші раундта қарсыласын техникалық нокаутқа жіберген Қазақстан спортшысы жетті.

Бұл Головкин үшін кәсіби рингтегі 25-інші жеңіс болды. Соның 22-сінде қазақстандық боксшы кездесуді соңына жеткізбей аяқтады. Росадо үшін бұл 21-інші айқас болды, бұл оның мансабындағы алтыншы жеңіліс.

Еске салайық, 2003 жылғы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада чемпионы Г. Головкин 2013 жылы бес кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

20 қаңтар 2013, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.