Атырау, 28 қыркүйек 16:50
 ашықВ Атырау +19
$ 482.77
€ 509.71
₽ 5.00

Саясаткерге қастандық жасалды

1 424 просмотра
Саясаткерге қастандық жасалдыСаясаткерге қастандық жасалды

Болгарияда атақты саясаткер, «Құқық пен бостандық қозғалысы» партиясының көшбасшысы Ахмед Доганға белгісіз біреу қастандық жасады. 

София қаласында өткен партия съезінде сөз сөйлеген Ахмед Доганға қаруланған жігіт сахнаға жүгіріп шығып, тапаншасын саясаткерге кезеп, екі рет шүріппені басқан. Осыдан кейін съезд қатысушылары қандықол қарақшыны жаппай жабылып, тепкіге алды. Танымал саясаткер Доганның өзі аман-есен қалды. Біраз уақыттан кейін тыңдаушылардың алдына шығып, өзінің баяндамасын соңына дейін аяқтады. Ал 25 жасар айыпты  Бургас қаласының тұрғыны болып шықты. Оның бұл әрекетке баруына не  себеп болғаны әзірге белгісіз. Тергеу барысында қылмыскер бұрын ұрлық пен есіртке сақтағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Дереккөз: 24 KZ

20 қаңтар 2013, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.