Атырау, 10 желтоқсан 01:18
 ашықВ Атырау -7
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Алматы қаласында бірқатар алаяқтық әрекеттерге қатысы бар деген күдіктілер ұсталды

1 633 просмотра

АСТАНА. 19 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматы қаласы ІІД криминалдық полиция қызметкерлері Бостандық ауданы аумағында бірқатар алаяқтық әрекеттер істеді деген күдікпен екі жас келіншекті «ізін суытпай» қолға түсірді. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.  

15 қаңтар күні полицияға зейнеткерге қатысты алаяқтық әрекеттер жасамақ болған екі келіншектің ұсталғаны туралы ақпарат келіп түскен. Оқиға барысын тексере келе өздерін қалалық емханалардың бірінің медбикелері деп таныстырған екі келіншек 83 жасар әжейдің сеніміне қиянат келтіріп, пәтеріне енгендігі белгілі болған. Сезіктілер әжейдің азын-аулақ ақшасын қолды қылмақ болғанда алаяқтардың қитұрқы ойын сезіп қалған жәбірленуші дауыстап көмекке шақыра бастаған. Қасындағы пәтерден жанжал шығып жатқанын естіп қалған көршісі әжейдің пәтерінің есігін сыртынан жауып тастап, дереу полицияға хабарлаған.

Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер ұсталған азаматшалардың 17 және 20 жасар Алматы облысы Жамбыл ауданының тұрғындары екендігі анықтады.

Жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында Алматы қаласы Бостандық ауданында тұратын тағы 6 зейнеткер аталмыш алаяқтарға жем болғандығы анықталып отыр. Қаскөйлер арам пиғылдарын жүзеге асырмаққа қалаға келіп, қылмыстық әрекеттерін жасаған соң үйлеріне қайтып отырған. Олар қаңтар айының басынан қылмыстық жолмен зейнеткерлердің 100 мың теңгесін қолды қылған.

Күдіктілер қазіргі кезде жасаған қылмыстарын толығымен мойындап, олардың бірі уақытша ұстау абақтысына қамауға алынған. Жедел уәкілдер күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр. Сондай-ақ, полицейлер аталған алаяқтардың алдауына түскен басқа да жәбірленушілерді анықтау үстінде.  
Дереккөз: inform.kz

19 қаңтар 2013, 20:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.