Атырау, 22 қараша 19:21
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Өзбекстан шекарасы қырғызстандықтар үшін жабылды

2 801 просмотра

Қырғыз елі үшін Өзбекстан шекарасы жабық.
Бүгін екі мемлекет арасындағы 3 шекара бекеттерінде шектеу қойылды. Енді екі елдің азаматтары еркін қатынас жасай алмайды. Бұл жөніңде біздің тілшілерімізге Қырғызстан Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті шекара әскерлері баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлмира Борубаева мәлімдеді.

Бұл шектеудің өзге елдің азаматтарына қатысы жоқ. Шекарадағы шиеленістің неден туындағаны қазірге белгісіз. Алайда ақпараттарға сәйкес, бұған дейін Қырғызстан 7 мемлекеттік шекара бекетін жапқан. Сондықтан Қырғызстан билігі бұл жауап ретінде Өзбекстан тарапынын жасалған әрекет болуы әбден мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Гүлмира Борубаева, Қырғызстан Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті шекара әскерлері баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Бүгіннен бастап Қырғыстан азаматтары Өзбекстаннан келе алады, алайда көрші елге өте алмайды. Әрине, шекарадағы бұл шектеу екі елдің азаматтары үшін ыңғайсыздық тудыруда. Сауда-саттық, туыстық қарым-қатынастар үзіледі. Бұл жағдай қай уақытқа дейін сақталатыны белгісіз. Бір айтарымыз, Өзбекстан мемлекеті тарапынан алдын ала ескерту жасалған жоқ.

Дереккөз: 24.kz

 

18 қаңтар 2013, 23:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.