Атырау, 22 қараша 19:01
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Еуроодақта жаңа үлгідегі жүргізуші куәліктері енгізіледі

2 058 просмотра

БРЮССЕЛЬ. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Еуроодақ елдерінде 19 қаңтардан бастап бірыңғай еуропалық үлгідегі жүргізуші куәліктері енгізіледі.

Бұл туралы Брюссельде журналистерге Еурокомиссия төрағасының көлік саясатына жауап беретін орынбасары Сийм Каллас хабарлады.

«Бүкіл Еуропа бойынша жол полициясы бүгінде 100-ден астам әртүрлі үлгідегі қағаз және пластикалық жүргізуші куәліктерін біріздендіруі тиіс. Куәліктердегі фотосуреттер баяғыда ескірген, құқық санаттары анық емес, ал құжаттарды оңай қолдан жасап алуға болады. Жалған жүргізуші куәліктері лицензияларға нұқсан келтіреді, сондықтан да бізге жеңіл оқылатын, жеңіл түсінуге болатын және қолдан жасауға келмейтін куәліктер керек», - деді С.Каллас.

Еуропалық жүргізуші куәліктері ішіне чип орнатылған банк карточкаларының көлеміндегі пластикалық карта түрінде болады, оған жүргізушінің мәліметтері енгізіледі. Жаңа куәліктер әрбір он жылда ауыстырылады, бірақ та жол қозғалысы ережелері және жүргізу бойынша емтихан жүргізілмейді.

С.Калластың айтуынша, жүргізуші куәліктерін ауыстыру 2033 жылға дейін жүргізіледі, ол кезде Еуроодақ елдерінде қағаз түріндегі жүргізуші куәліктері болмауы тиіс. Тұтастай алғанда өтпелі кезеңде ЕО мемлекеттері үлгісіндегі қазіргі қолданыстағы жүргізуші куәліктері бірдей күшінде болады. Жаңа куәліктер автобустар мен жүк автомашиналары жүргізушілеріне де енгізіледі, олар бес жыл бойы жарамды болмақ.

Дереккөз: inform.kz
 

18 қаңтар 2013, 22:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.