17 қаңтарда Атырау ҚІІБ-не қала маңындағы Жұлдыз поселкесінде тұратын 50 жастағы әйел адамның алаяқтық әрекетінен зардап шеккен екі адамнан қатар шағым келіп түскен.
Екі жағдай да бірдей көрініс табады: әйел жұмысқа кіргізем деп уәде беріп, олардан өз қызметі үшін 100 мың теңге алып, содан соң ғайып болған. Жапа шегушілер –Мақат ауданының 40 жастағы тұрғыны мен қала маңындағы Бірлік ауылының 35 жастағы тұрғыны. ҚР ҚК-нің 177-бабы («Алаяқтық») бойынша қылмыстық іс қозғалып, айыпталушы қамауға алынды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ