Атырау, 9 қараша 22:34
 ашықВ Атырау +6
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Жалған жалақы

2 052 просмотра

Атырау қаласының балалар стоматологиялық емханасының үш қызметкері бюджет қаражатын қымқырғандары үшін 3 жылға шартты түрде сотталды. Қылмыстық істің төртінші фигуранты рақымшылыққа ілінді.

Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВТІҢ түсіндіруінше, бас есепші, кассир және кадрлар бөлімінің қызметкерлері 2009 жылдан бастап төлем ведомстарына жалған қол қойып, жұмыс жасамайтын адамдарға жалақы аударып отырған.

Мәселен, балалар стоматологиялық емханасының есеп бөлімі 2009 жылы жұмыс жасамайтын (бұрын жұмыстан босатылған) 4 қызметкерге 895 мың теңге мөлшерінде жалақы және 70 мың теңге сыйақы аударған. 2010 жылы осындай жалақыны енді 5 адам «алған» - оларға 1,3 млн теңге, 2011 жылы – 1,7 млн теңге есептелген. Шығынның жалпы сомасы 5 млн теңгені құрады. 

Сауле ТАСБОЛАТОВА

18 қаңтар 2013, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.