Атырау, 29 наурыз 19:51
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Прокуратура Алматы облысында МИ-8 тікұшағының апатқа ұшырау фактісі бойынша сараптама қорытындысын жариялады

1 965 просмотра
/2

АСТАНА,  18 қаң - Қазақстан жаңалықтары АА. МИ-8 тікұшағының экипаж мүшелері мен жолаушылары – барлығы 8 адам әуе көлігінің апатқа ұшырауынан және биіктен құлауы салдарынан алған жарақаттан қаза тапқан деп хабарлайды Қазақстанның бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Алматы облысы Алакөл ауданы Қазақстан ауылына жақын маңдағы ұшу алаңынан 24 қарашада әуеге көтерілген «Еуро-Азия Эйр» Әуе компаниясы» АҚ-ға тиесілі МИ-8 тікұшағы ұшты-күйлі жоғалған. «ЕуроАзия Эйр» АҚ-ға тиесілі тікұшақты «Қазақстан-Қытай құбыр желісі» ЖШС Атасу-Алашанқай мұнай құбырын әуеден бақылау үшін ұшып кеткен болатын. Ұшақтағы 8 адамның барлығы қаза тапты.
 
«Алматы облысы Достық ауылының маңында МИ-8 тікұшағының апатқа ұшырауына қатысты қылмыстық іске тергеу жүргізіп жатқан Бас көлік прокуратурасы «Сот сараптамаларының орталығы» РМКК Талдықорған филиалының сарапшылары апаттан қаза тапқан жолаушыларға жүргізілген сот-медициналық сараптаманың қорытындысын алды»,-делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, МИ-8 тікұшағының экипаж мүшелері мен жолаушылары – барлығы 8 адам әуе көлігінің апатқа ұшырауынан және биіктен құлауы салдарынан алған жарақаттан қаза тапқан. Түзілу механизмі бойынша дене жарақаттары адам өміріне қауіп төндіретін денсаулыққа келтірілген үлкен зиян ретінде бағаланып, өлімнің тууына тікелей себепші болған», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ресейлік мамандар «қара жәшіктегі» жазбаларды тыңдау бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Оның қорытындысы ақпанның бірінші онкүндігінде белгілі болады деп жоспарлануда.

Дереккөз: newskaz.kz

18 қаңтар 2013, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.