Атырау, 26 сәуір 21:36
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Алик Айдарбаев Маңғыстау облысының әкімі қызметіне тағайындалды

2 311 просмотра

АСТАНА, 18 қаң – Қазақстан жаңалықтары АА. Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджанов жұмада атқарған қызметін босатты, оның орнына Алик Айдарбаев келді, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

«Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Маңғыстау облысының жаңа әкімін таныстырды.  Ақтау қаласында облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтіп, оған ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов пен ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімов қатысты», - делінген хабарламада.

Сессия барысында С.Ахметов депутаттарға облыс әкімінің қызметіне Алик Айдарбаевтың кандидатурасын ұсыну туралы Мемлекет басшысының хатын оқып берді. Депутаттар Президент ұсынған кандидатураны бірауыздан қолдады.

Сессия соңында С. Ахметов облыс активіне өңірдің жаңа әкімін таныстырды.

«Өткен жылдары облыста көп жұмыс атқарылды, дегенмен облыс басшылығының алдында, өңірдің алдында бұдан да ауқымды міндеттер тұр.  А.Айдарбаев аймақтың проблемаларын жақсы біледі, басшылық қызметтерде тәжірибесі мол. Ол халықтың әл-ауқатын жақсартуға, өңірдің экономикасын дамытуға, Елбасымыз айқындаған міндеттерді орындауға бар күш-жігерін салады деп сенемін»,- деді С. Ахметов.

Өз кезегінде, А.Айдарбаев көрсетілген жоғары сенімі үшін ел Президентіне алғыс білдірді.

Сондай-ақ С.Ахметов бұрынғы әкім Бауыржан Мұхамеджановқа атқарған қызметі үшін алғыс айтып, оның басшылығымен облыста әлеуметтік-экономикалық даму, экономиканы әртараптандыру, моноқалаларды дамыту бағдарламаларын іске асыру, жаңа жұмыс орындарын құру туралы Елбасының тапсырмалары орындалғанын атап көрсетті.

Дереккөз: newskaz.kz

 

 

18 қаңтар 2013, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.